«Мен жастарға сенемін» форумында сөйлеген сөзі

25 қараша, 2021

Құрметті әріптестер!

Қадірлі қонақтар, форумға қатысушы студент жастар!

Баршаңызды «Мен жастарға сенемін» студент жастардың республикалық  форумының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған бұл форум ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілуде.

Форумының басты мақсаты – студент жастардың Қазақ елінің болашағына деген азаматтық жауапкершілігін арттыру және патриоттық сезімін шыңдау.

Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз.

Біздің елімізде жастардың алаңсыз оқып, білім алуына, шығармашылықпен айналысып, қалаған мамандық иесі атануына барлық жағдай жасалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесін тойлауға қатысты комиссия отырысында:

«Қазақстан – дарынды жастар мекені.

Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар.

Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деп, еліміздегі жастар саясатына ерекше мән берді.

Бүгінгі форум да осы ізгі мақсаттарды көздейді.

 

Уважаемые участники форума!

Сегодня перед молодежью стоят большие задачи.

На них возложена огромная ответственность  –  направить все свои усилия и таланты на развивите родного Казахстана.

Укрепить суверенитет нашей страны, сохранить язык, земли и наше единство! 

Это самые главные ценностиІ

И мы сегодня верим в нашу молодежь!

Сегодняшний форум является стартовой площадкой, которая поддерживает инициативы студенческой молодежи.

На протяжении девяти лет студенческий форум объединил молодых, одаренных, активных, энергичных людей.

Она раскрывает новые таланты и становится катализатором больших событий и перемен в жизни каждого участника.

Через такие масштабные проекты мы видим, что молодое поколение независимого Казахстана открыто к новым идеям, думает категориями будущего.

Это показатель – безграничной любви нашей молодежи к своей стране, бесконечная любовь молодежи к Родине.

Именно вам, образованной, талантливой, патриотичной молодежи, принадлежит будущее Казахстана.

И мы по праву гордимся представителями молодежи, подающими большие надежды.

Желаю вам успехов во всех ваших добрых начинаниях.

 

Құрметті форумға қатысушылар!

ХХ ғасыр басында Алаштың ардақты ақыны  Мағжан Жұмабаев  «Мен жастарға сенемін!» деп ұран тастаған еді.

Намысқа қайрақ болған осы бір ауыз сөз әлі де жастардың жүрегіне от беріп, кемел келешекке деген сенімдерін оятуда.

Ғасырдан ғасыр өткен сайын мән-мағынасы артып, тереңдей түскен Мағжанның ұлағаты бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жастарының өмірлік ұстанымына айналды.

Құрметті жастар!

Біз сіздерге сенеміз!

Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналып, өмірдің барлық салаларында үлкен жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін!

Әрдайым оқуда, ғылымда, еңбекте көшбасшы болыңыздар!