«Мұхаметжан Тынышбаев – Қазақстан экономикалық журналистикасының негізін салушы»

4 желтоқсан, 2009

2009 жылдың 4 желтоқсан күні әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті «Ұлттық идея - Қазақстан дамуының негізі» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мұхаметжан Тынышбаев - Қазақстан экономикалық журналистикасының негізін салушы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараны алаш ардагерінің 130-жылдық мерейтойына арнап журналистика факультетінің БАҚ менеджменті және жарнамасы, ЮНЕСКО кафедралы қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаев атындағы қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстелде алаш зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі М.Тынышбаевтың өмірі, қызметі және оның шығармашылығы жайлы еркін пікір алмасып, ғылыми қауымдастық алаш азаматын тағы бір еске алды.

Осы жерде Өкітай Ахметовтың «Мұхаметжан Тынышбаев» атты толымды да деректі, көркем публицистикалық кітабының тұсаукесері өткізіліп, қалың оқырманға жол тартты.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі