Мемлекет қайраткері, дипломат Қ.Қ.Әбусейітовтің көшбасшылық дәрісіндегі сөзі

8 қыркүйек, 2021

Қайырлы күн, құрметті Қайрат Қуатұлы!

Қадірменді қонақтар, әріптестер!

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне

оқу орнымыздың  танымал түлегі, бүгінде мемлекет мақтанышына айналған көрнекті тұлға қонаққа келіп отыр.  

Арнайы қонағымыз – белгілі мемлекет қайраткері, білікті дипломат Қайрат Қуатұлы Әбусейітов.

 Қайрат Қуатұлы, альма-матерге қош келдіңіз!

Университет әрқашан өзінің түлектерін мақтан етеді. Олар елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде түрлі салаларда еңбек етуде.

 Әсіресе тәуелсіз Қазақстанның дербес  дипломатиясының қалыптасуында ұлттық университет түлектерінің ықпалы зор.

Еліміздің кәсіби дипломаттар корпусы мемлекетіміздің әлем алдындағы беделі мен ерекше орнын айқындауға зор үлес қосып келеді.

Ұлттық дипломатияның алдыңғы қатарында, әрине, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері тұрғанын мақтанышпен айта аламыз.

Мәселен, университетіміздің даңқты түлектерінің бірі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова тәуелсіз еліміздің тарихындағы тұңғыш елші, еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі ретінде танымал.  

Еліміздің сыртқы саясатын жүзеге асыруға атсалысқан – Қайрат Әбдірахманов, Константин Жигалов, Алексей Волков, Жанар Айтжанова, Ермек Көшербаев, Ержан Ашықбаев, Мұрат Нұртілеуов, Тимур Пірімбетов, Ермұхамбет Қонысбаев сынды дипломаттар университетіміздің қайраткер түлектері.

Бұл ретте Қайрат Қуатұлы Әбусейітовтің алар орны ерекше.

 

Уважаемые коллеги, студенты, магистранты

и докторанты!

Кайрат Куатович – наш выпускник.

Окончил специальное отделение исторического факультета КазГУ.

 Работал стажером-исследователем, аспирантом лаборатории американистики кафедры новой и новейшей истории стран Европы и Америки МГУ имени М.В.Ломоносова.

 Защитил кандидатскую диссертацию по проблемам истории США.

Первый американист в Казахстане.

Кайрат Куатович в разные годы был руководителем программы по внешней политике и национальной безопасности Центра стратегических исследований при Президенте РК.

Участвовал в разработке Стратегии развития Казахстана как независимого государства.

Опубликовал более 50 научных работ.

Был вице-министром, первым вице-министром иностранных дел Республики Казахстан.

Разные годы был чрезвычайным и полномочным послом  Республики Казахстан в Швейцарской Конфедерации, Постоянным представителем Республики Казахстан при отделении Организации Объединенных Наций и других международных организаций в Женеве.

 Занимал должность чрезвычайного и полномочного посла Республики Казахстан в Соединенном Королевстве Великобритании, а также был чрезвычайным и полномочным послом Республики Казахстан в Швеции, Республике Ирландии, Исландии по совместительству.

 

Құрметті әріптестер,

қонақтар мен білім алушы жастар!

Жаңа оқу жылынан университет барлық мамандықтар бойынша көшбасшылық дәрістер өткізуді бастады.

Басты мақсат – университет студенттерінің мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, танымал ғалымдармен, тәжірибелі дипломаттармен, ақын-жазушылармен, журналистермен және еліміздің табысты кәсіпкерлерімен тікелей қарым-қатынас жасап, тәжірибелерін үйрену.

Мұндай қарым-қатынас студенттерге өз мамандықтары бойынша қажетті ақпарат алуға, өзін-өзі дамытуға, білімін шыңдап, көшбасшылыққа ұмтылуға мүмкіндік береді.

Қайрат Қуатұлының бүгінгі көшбасшылық дәрісі білім алушылармен қатар, оқытушы-профессорларымызға пайдалы әрі қызықты болады деп ойлаймын.

Қайрат Қуатұлына біздің шақыртуымызды қабыл алып, университетке келіп, дәріс оқуға келісім бергені үшін алғысымды білдіремін.