Мұрат Жұрыновтың 80 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі

4 желтоқсан, 2021

Құрметті Мұрат Жұрынұлы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы атынан сізді  80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ қоғамы сізді Қазақстан жоғары мектебінің көрнекті өкілі, отандық ғылымды ұйымдастырушы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, еліміздің зиялы тұлғасы деп қадірлеп-құрметтейді.

Сіздің терең біліміңіз, іскерлік, қайраткерлік ізгі қасиеттеріңіз кейінгі жастарға үлгі-өнеге.

Жоғары білім саласының заманға сай дамуына ықпал етіп, ғылыми-педагогикалық бағытта шәкірттер тәрбиелеп, өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырыдыңыз.

Еліміздегі ғылым кадрларын тәрбиелеп, маман ғана емес, білікті ғалым болып қанаттануына тер төгіп келесіз.

Сіздің ғылым-білім саласындағы зерделі еңбектеріңіз Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де кеңінен танылып, мойындалған.

Сіздің адал еңбекпен жеткен әрбір жетістігіңіз еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз.

Қазақстан ғылымының қара шаңырағы – Ұлттық ғылым академиясы сіздің тікелей басшылығыңызбен жаңа даму деңгейіне көтерілді.

Орныңыз әрдайым төрде болсын!

Мерейлі 80 жасыңыз құтты болсын!