Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары 75 ғылым жобасын ұтты!
18 шілде, 2023

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсында 75 жобаны жеңіп алған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарын құттықтаймыз!
2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобаларының саны-75, оның ішінде:
- "Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар" ғылым бағыты бойынша - 10 жоба;
- "Өмір және денсаулық туралы ғылым" ғылымы бағыты бойынша - 8 жоба;
- "Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология" ғылым бағыты бойынша - 6 жоба;
- "Геология, минералдық және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар" ғылым бағыты бойынша - 12 жоба;
- "Энергетика және машина жасау" ғылым бағыты бойынша - 2 жоба;
- "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" ғылым бағыты бойынша - 10 жоба;
- "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" ғылым бағыты бойынша - 4 жоба;
- "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" ғылым бағыты бойынша - 23 жоба.
Сіздерге мұнымен тоқтап қалмай, жаңа ғылыми шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз!
Басқа жаңалықтар

28 ақпан, 2025

26 ақпан, 2025