ҚазҰУ магистранттары Баку университетінің дипломын алды

15 қаңтар, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің магистранттары Баку мемлекеттік университетінде қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша диплом алды.

Баку мемлекеттік университетінің ректоры Елчин Бабаев түлектерді құттықтап, диплом табыстады.

Жастар екі университет арасындағы «Теңіз және энергетикалық құқық» бағдарламасының алғашқы түлектері. Аталған мамандықты сегіз магистрант бітіріп шықты.

«Қосдиплом бағдарламасы бізге көптеген мүмкіндіктер берді. Ең алдымен шетелге аяқ басып, өзге елдің салт-дәстүрі, табиғаты, тыныс-тіршілігі және тәжірибесімен таныстық. Екі жетекші университет оқытушыларынан білім алдық. Ой-өрісіміз, білім кеңістігіміз артты. Сонымен қатар екі ел университетінің дипломын иелендік», – дейді Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының түлегі Байтұрбай Орынбасар.

Сондай-ақ білім алушылар қосдиплом бағдарламасымен оқу алдағы мақсаттарын айқындауда да көп септігін тигізгенін айтып, университет басшылығы мен оқытушыларына үлкен алғысын білдірді.