ҚазҰУ-да жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

10 сәуір, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының президенті Арман Қашқынбеков, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдар қатысты.

Байқау жеңімпаздарын университет ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтап, жас ғалымдардан болашақта үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Студенттік бизнес-инкубаторлардың үздік инновациялық жобалары байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталды.

Өз кезегінде іс-шараға қатысқан Арманжан Байтасов пен Арман Қашқынбеков сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарын құттықтап, ғылыми ізденістеріне табыс тіледі.