«МАШИНА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ТДМ 9 ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ОЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ, ИННОВАЦИЯ» АТТЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС

11 қараша, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына арнап Болгарияның (София) Ішкі істер министрлігі академиясының өрт қауіпсіздігі және халықты қорғау факультеті, Химиялық технология және металлургия университетінің машина жасау және машина бөлшектері кафедрасының профессоры, дәріскер Димитър Караиванов «Машина элементтерін жобалауға қойылатын талаптар және ТДМ 9 қамтамасыз ету мақсатында оларды қарастыру. Инфрақұрылымды дамыту, инновация» атты көшбасшылық  дәріс  өткізді.

Ұйымдастырушы: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының қауымдасқан профессоры, т.ғ.к. А.К. Қожахан. 

1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.

ТДМ-2030 1) азаматтардың өмір сапасын арттыруға, 2) мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, 3) экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді жинағы болып табылады. ТДМ 2030 жылға дейін жетуге тиіс 17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттерден және 242 индикатордан тұрады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы жоғарыдағы аталған бірнеше мәселелермен айналысады. Жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында олардың білімділігін, іздемпаздығын, жан-жақтылығын дамыту үшін елімізден және шетелдік әріптестерімізден берер тағылымы мол тұлғаларды шақырып көшбасшылық дәрістер ұйымдастырып отырады. Соның бірі Болгарияның София қаласындағы Химиялық технология және металлургия университетінің машина жасау және машина бөлшектері кафедрасының, Ішкі істер министрлігі академиясының Өрт қауіпсіздігі және халықты қорғау факультетінің профессоры Димитър Караиванов «Машина элементтерін жобалауға қойылатын талаптар және ТДМ 9 қамтамасыз ету мақсатында оларды қарастыру. Инфрақұрылымды дамыту, инновация» атты көшбасшылық дәріс өткізді. Бұл дәрісте ТДМ 9-мақсатында аталған 2030 жылға қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жетілдіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процесс неғұрлым кең пайдалану есебінен кәсіпорындарды орнықты етіп қайта жабдықтау мәселелері туралы айтылады.