ЮНЕСКО БЕЛГІЛЕГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІ АЯСЫНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ

21 ақпан, 2023

2023  ж. 21 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО белгілеген Халықаралық Ана тілі күні аясында II Халықаралық Қысқы мектебі жұмысын гибридті форматта бастады.

Қысқы мектепке Қазақстанның БАҚ өкілдері, PR мамандары, ЖОО оқытушылары және Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Иемен елдерінен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады. Шара аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары дәріс оқиды және практикалық сабақтар жүргізеді, сонымен қатар халықаралық ұйымдар өкілдерінің, танымал PR мамандарының шеберлік сыныптары өткізіледі.