"Сумен жабдықтау және санитария саласындағы экологиялық реттеу және бақылау"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО- кафедрасы Дүниежүзілік су ресурстары күні аясында "Сумен жабдықтау және санитария саласындағы экологиялық реттеу және бақылау" ТДМ 6 тақырыбында халықаралық дөңгелек-үстел ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - сумен жабдықтау, су қорларының сапасын бағалау және санитария мәселелерін талқылау.
Дүниежүзілік су қоры күні 1993 жылдан бастап жыл сайын 22 наурызда атап өтіледі. Ол су объектілерінің жағдайына, суды ұтымды тұтынуға және қауіпсіз сумен жабдықтауға жұртшылықтың назарын аудару және 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы 6-шы мақсатты іске асыру үшін құрылған. 2023 жылы бұл күн сумен жабдықтау және санитария дағдарысын шешу және тұрақты дамудың 6-шы мақсатына (ТДМ 6) уақтылы қол жеткізу үшін өзгерістерді жеделдету тақырыбына арналды.
Аталған іс - шара аясында Қазақстанның су саласы-Балқаш-Алакөл су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясының, "Қазгидромет" РМК, Алматы қаласы экология және қоршаған орта Басқармасының мамандары, сонымен қатар Гази университетінің Инженерлік факультетінің (Анкара қ., Түркия) профессоры қатысты.
Халықаралық дөңгелек үстелге шетелдік және Қазақстанның су саласының мамандары, спикер қатысушылары сумен жабдықтау және санитария саласындағы экологиялық реттеу және бақылау жөніндегі қолданыстағы үкіметтік шаралармен, ғылыми жұмыстарымен таныстырды, студенттер мен оқытушылармен жұмыс тәжірибесімен және атқарылып жатқан қызметтері жайында бөлісті.
Ұйымдастырушылар: "Экология", "Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару" мамандықтарының 1 курс магистранттары (қаз.бөлім.), Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары: Л.С. Курбанова, Б.Х. Тусупова, К.К. Хамитова, Е.О. Досжанов