ТДМ 15 «ҚҰРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ» АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖАС ШЫРШАЛАРДЫ АРАМШӨПТЕРДЕН ТАЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРА

20 маусым, 2023

2023 жылдың 20 маусымда Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Іле-Алатау ұлттық паркінің Қаскелең шатқалының тұқымбағында ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне арналған жас шыршаларды арамшөптен тазарту бойынша іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты-Іле-Алатау ұлттық паркінің түрлік әртүрлілігін сақтауға жұртшылықтың назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іле-Алатау ұлттық паркіндегі Қаскелең шатқалы – Алматы қаласының батысында орналасқан. Шатқалдағы биологиялық алуан түрлілікті сақтау мақсатында шыршалар отырғызылады. Шыршалар табиғат ескерткіштері болып саналады. Әсем табиғаты, алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар шатқалдың қоршаған ортаны қорғауда алатын орны ерекше.

Іс-шара шырша алқабындағы арамшөптерді жоюдан басталды, содан кейін питомник қызметкерлері оқытушыларға экскурсия жүргізді, іс-шара соңында табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттайтын әлеуметтік желілерге арналған бейнеролик жазылды.