МЫҚТЫЛАР ЖЕҢДІ

22 қараша, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 17 қазаннан 22 қараша аралығында Республика күніне арналған Күзгі спартакиада өтіп жатыр. Күзгі спартакиада аясында 5 қарашада Әл-Фараби кешенінің №1 спорт залында ҚазҰУ студенттері арасында жалпы университеттік "Эстафета" іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жарыс шарттарына сәйкес команда құрамында 5 адам, олардың кемінде үшеуі қыз болуы тиіс. Сондай-ақ қыздар ұлдардың орнына қатыса алады, бірақ керісінше болмайды.

Жарысқа университеттің:

Заң факультеті

Медицина факультеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Журналистика факультеті

Физика-техникалық факультеті

Биология және биотехнология факультеті

Ақпараттық технологиялар факультеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Филология және әлем тілдері факультеті

Тарих, археология және этнология факультеттерінің студенттері қатысты.

Жарыс бағдарламасына кішігірім топтарға бөлінген эстафеталар енгізілді. Аз балл алған орындар бойынша финалдық жарысқа қатысушылар анықталды.

Финалда бірінші болып келгендер жарыс жеңімпаздары атанды. Қорытынды бойынша:

1 орынды – Заң факультетінің "Радуга" командасы;

1 орынды – Медицина факультетінің "Алматы" командасы;

2 орынды – География және табиғатты пайдалану факультетінің "Сұңқар" командасы;

3 орынды – Журналистика факультетінің "Эйфория" командасы, География және табиғатты пайдалану факультеті және Биология және биотехнология факультеті иемденді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚазҰУ Спорт клубының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Шығармашылық және тапқырлығы үшін география және табиғатты пайдалану факультетінің "Жастар" командасы ҚазҰУ Спорт клубының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бас төреші В.С. Анның айтуынша, жарыс жақсы ұйымдастырды және жоғары деңгейде өтті. Жазатайым оқиғалар мен медициналық көмекке жүгінулер болған жоқ. Мықтылар жеңді.

Басқа жаңалықтар