ҚазҰУ студенті Дүниежүзілік Универсиадада тағы бір медаль жеңіп алды

31 шілде, 2023

Қазақ ұлттық университетінің студенті, Константин Малиновский қолбасшылықпен Дүниежүзілік Универсиадада пневматикалық винтовкадан атудан қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін оқ атудан ерлер құрамасы сапында Константин Малиновский күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ертең ҚазҰУ студенттері Константин Малиновский мен Арина Алтухова жекелей сында сынға түседі. Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиаданың оқ ату жарысына әлемнің 29 елінің спортшылары қатысуда.

Қазіргі таңда ҚазҰУ-дың үстел теннисі, волейбол, шахмат, еркін күрес және дзюдодан командалары Түркі Универсиадасына қызу дайындық үстінде.

Басқа жаңалықтар