4000-нан астам білім беру грантының иегерлері ҚазҰУ-ды таңдады

7 тамыз, 2023

   Бакалавриат бойынша 2023-2024 жылғы мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсының нәтижелері бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 4090 адам жеңімпаз атанды.

      Ұлттық тестілеу орталығының деректері бойынша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жеңімпаздарының қатарына 4090 адам кірді, оның ішінде 99 адам ҚР Үкіметі көздеген санаттар бойынша жеңілдікті бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік білім грантын алды. Резервтік және қалған бос гранттарға екі адам, халықаралық келісімдер бойынша 42 шетелдік азамат түсті. Квота бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға 51 грант берілді.

        Өткен оқу жылымен салыстырғанда осы 2023/24 оқу жылында орындар саны 877-ге артты, факультеттер бойынша: филология – 6, тарих – 43, география және табиғатты пайдалану – 104, физика-техникалық – 524, химия және химиялық технология – 28, механика-математика – 177, медицина және денсаулық сақтау – 15, биология және биотехнология – 82 орынға көбейді.

    Жеңімпаздар тізімінде мемлекеттік гранттар білім беру бағдарламаларының топтарына бөлінді. Ақпараттық технологиялар факультеті талапкерлер тарапынан жоғары сұранысқа ие болды: барлық 208 гранттық орынды (100 пайыз) ҚазҰУ-ды таңдаған талапкерлер алды, физика-техникалық 146 гранттық орынның 100 пайызы жетекші университетті таңдады, электротехника және энергетика да 100 пайыз ҚазҰУ-ға тиесілі (136-дан 136).

   

Осындай үрдісті басқа факультеттер мамандықтары бойынша да байқауға болады: география және табиғатты пайдалану – «Кадастр және жерге орналастыру» – 300 грант иегерінің 244-і, филология – 100-ден 70-і ҚазҰУ-ды таңдады.

Нәтижесінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында жоғары мектептің неғұрлым сұранысқа ие бағдарламаларын басым таңдауда көшбасшылардың бірі болып табылады. 

        ҚазҰУ қабылдау комиссиясы мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерін күтеді!

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі