ҚазҰУ жасөспірімдерге арналған CITY CAMP лагерін ұйымдастырды

8 тамыз, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында 19 маусымнан бастап 10 тамызға дейін еліміздің өңірлерінен мектеп оқушыларына және ҚазҰУ оқытушы-профессорларының, қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы лагерь ұйымдастырылуда.

Лагерьге 500-ден астам жасөспірім Атырау, Ақтау, Орал, Шымкент, Қызылорда қалаларынан келіп, жазғы демалыстарын қызыққа толы өткізуде.

Бүгінде ҚазҰУ-да Тұрақты дамудың барлық 17  бағыты (ТДМ) бойынша көптеген шаралар атқарылуда. Университетте ғылыми-білім беру жобалары жүзеге асырылып, өмір сүру сапасын жақсарту, ұлт денсаулығын нығайту және экологияны сақтау мәселелерін қамтыған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь шарасы осы бағытта іске асырылуда.

Лагерьде арнайы бекітілген жұмыс жоспары бойынша демалушыларға әртүрлі ойындар ойнатылып, тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып, өте қызықты өтуде.  Күн сайын  таңертеңгілік жаттығулар, топтық жұмыстар, үйірме жұмыстары жүргізілуде.  Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балалар демалысының қызықты өтуіне үлес қосуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі