ҚазҰУ-да студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша штаб құрылды

9 тамыз, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша арнайы штаб құрылды. 

Оқу орны 15 тамыздан бастап жоғары курс студенттерінің жатақханаға онлайн өтінішін қабылдай бастайды. Әрбір студент UNIVER жүйесі арқылы өз парақшасына кіріп, өтініштерін толтырып, қажетті құжаттарды  (жеңілдіктер) салады. Ал 1-курс студенттерінің өтініштері 25 тамызға дейін әр факультетте қабылданады. Студенттерді жатақханаларға орналастыру 28 тамыздан бастап жүзеге асады.

Штаб қызметкерлерінің айтуынша, алдымен грантта үздік оқитын әрі азаматтардың жеңілдік санатына кіретін жоғары курс студенттері мен 1-курс студенттеріне басымдық беріледі.

Жеңілдіктер мен өзге де қажетті мәліметтермен толығырақ осы жерден таныса аласыздар:

https://farabi.university/students/kampus/38?lang=kz&active_tab_order=4

Құрметті студент! Жатақхана бойынша сұрақтарыңыз болса, штабқа жүгіне аласыз. Сіздің мәселеңіз міндетті түрде қаралып, көмек көрсетіледі.

 

Штабтың мекенжайы:

Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Әл-Фараби даңғылы, 71/21

«Керемет» СҚКО, 2-қабат, Жастар ұйымдары орталығы

Байланыс телефоны:  

Балқыбек Ерік, Жастар ұйымдары комитеті жетекшісінің орынбасары, +7 705 899 24 52

Жүрсінәлі Ұлдана, Әлеуметтік даму және жастармен жұмыс жөніндегі департаментінің Бас маманы, +7 771 419 13 31

Есімова Жұлдыз Дәпенқызы, Жастармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры, +7 775 118 82 88

Қалан Таңнұр, Жастар ұйымдары комитеті жетекшісінің орынбасары, +7707 948 45 64

Зиябек Альфия, әлеуметтік даму және жастармен жұмыс жөніндегі департаментінің жетекші маманы, +7707 140 65 50

Оспанова Ақнұр, Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі, +7707 621 54 57

 

Факультеттердегі жатақханаға өтініш қабылдау бойынша жауапты мамандар

 

                                         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі