- Басты бет
- Жаңалықтар
- АНОНС: «Қазақстан Республикасының Конституциясы-жаңа Қазақстанның дамуының құқықтық негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: 2023 жылғы 25 тамыз
АНОНС: «Қазақстан Республикасының Конституциясы-жаңа Қазақстанның дамуының құқықтық негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: 2023 жылғы 25 тамыз
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерді 2023 жылғы 25 тамызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Жаңа Қазақстанның дамуының құқықтық негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция ұйымдастырушылары:
- Қазақстан Республикасының Конституциялық соты
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Конференцияның мақсаты - жаңа Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуына бағытталған конституциялық реформаларды саяси-құқықтық талдау жасау.
Осы мақсатты іске асыру үшін конституциялық реформаларды жүргізу, қазақстандық қоғамды демократияландыру, адам және азамат құқықтарын қорғау контекстіндегі қазіргі саяси-құқықтық, экономикалық және мәдени процестерге қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен пікірлерін еркін алмасу үшін пәнаралық диалог алаңы құрылады.
Конференцияға Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының: Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық соттың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері; халықаралық сарапшылар, Қазақстанның жетекші ғалымдары, азаматтық қоғам өкілдері қатысады.
- Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
- Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ., Кітапхана, 409 ауд.
- Жауапты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Байдельдинов Даулет Лаикович,
тел. +7-701-710-63-71, эл. пошта: daulet.baideldinov@kaznu.edu.kz
+7-701-714-01-81, эл. пошта: erbol.alymkulov@kaznu.edu.kz
+7-701-555-64-66, эл. пошта: ibraeva_tgp@mail.ru
- Өткізу форматы: гибридті формат (онлайн-офлайн).
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы дайындалады.
ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ!