ҚазҰУ Жастар күніне орай жеңілдік жасады

12 тамыз, 2023

Халықаралық жастар күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  білім бағдарламасына және студенттер үйінде тұру үшін жеңілдіктер ұсынады.

Ақылы бөлімде білім алатын үздік аттестат иегерлері, көпбалалы отбасынан шыққан және үздік студенттерге – 10%, ҚазҰУ қызметкерлерінің балаларына  –15-25%, халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне – 10-100%, шетелдік студенттерге – 15-30%, «Алтын белгі» иегерлеріне 15-25%, «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасының және спорттық жарыстардың жеңімпаздарына – 100% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ Студенттер үйінде жетім-балалар 4 жыл тегін тұра алады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға жатақхана ақысын төлеуге  10-50% жеңілдіктер қарастырылған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі