ҚазҰУ студенті әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Дінислам Сағитжан грек-рим күресінен қола жүлдегер атанды.
Аталған спорт түрінен жүлделі бірінші орынды Исхар Курбаев иеленсе, екінші орынды Ризабек Айтмұхан ұтты.
63 келі салмақта сайысқа түскен ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің студенті Дінислам Сағитжан қарсыластарынан басым түсіп, қола жүлдені жеңіп алды.
Айта кетсек, қазақстандық балуандар соңғы рет 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында жеті жыл бұрын жеңіс тұғырынан көрінген еді. Сол жолы Тамерлан Шадукаев финалда франциялық балуанды жеңген болатын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі