Диплом табыстау рәсімінде сөйлеген сөзі

3 шілде, 2023

Құрметті қонақтар,

оқытушы-профессорлар қауымы,

ата-аналар және бітіруші түлектер!

 

Бүгін заң факультетін бітірген жас мамандарға диплом табыстау рәсіміне жиналып отырмыз.

Қазақстан Президенті жақында Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді.

Келелі кеңесте  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарға қарата біраз өсиет айтты, тапсырма жүктеді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде:

«Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс.

Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды «адал азамат» деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады.

Шын мәнінде біз айтып жүрген әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады.

«Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», – деп атап өтті.

Біздің университетті бітірген жастардың бойында осы ізгі қасиеттердің барлығы бар деп сенемін.

 

Құрметті түлектер, жас мамандар!

 

Сіздер бүгіннен бастап еліміздің ертеңі үшін ерінбей еңбек ететін сәтке жеттіңіздер!

Халқымыз «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтпаған.

Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы, табысты және сұранысқа ие маман болмақ.  

Президент айтып өткен «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек».

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті отаншыл, еңбекқор, адал әрі интеллектуал жастар легін тәрбиелеуді басты ұстаным етіп келеді.

Биыл оқу орнын  8974 түлек бітірді.

Оның 6758-і – бакалавр, 1774-і – магистр, 442-сі доктор дәрежесін алды.

Соның ішінде заң факультетін 328 түлек бітіріп отыр. Бүгінгі бітіруші түлектеріміздің арасында үздік студенттеріміз де бар.

 Халықаралық, республикалық олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары да ортамызда.

 

Уважаемые родители, выпускники!

 

В следующем году исполнится 90 лет со дня создания Казахского национального университета имени Аль-Фараби.

Постановлением  Правительства КазНУ имени Аль-Фараби присвоен статус исследовательского университета.

При поддержке и участии Главы государства в городе Стамбул (Турция) и столице Кыргызской Республики – Бишкеке открыли филиалы КазНУ.

Кроме того, в КазНУ открыт филиал Российского национального ядерного исследовательского университета МИФИ.

17 мая текущего года в рамках официального визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Китайскую Народную Республику подписано соглашение об открытии в КазНУ филиала Северо-западного политехнического университета.

В 2023-2024 году планируется открытие 2-х филиалов КазНУ за рубежом: в России и Узбекистане.

В прошлом учебном году в нашем университете были проведены капитальные ремонтные работы.  

Отремонтированы учебные корпуса и общежития.

Корпуса юридического факультета находятся среди отремонтированных зданий.  

В августе начнется строительство II очереди кампуса КазНУ.

В прошлом году наш президент Касым-Жомарт Кемелулы поддержал проект и посетил КазНУ.

В этом году при участии министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбека состоялась церемония возведения памятной капсулы к началу II очереди строительства кампуса КазНУ.

Юридический факультет, на котором вы учились, является одним из первых факультетов, открытых в университете еще в 1934 году.

С того времени и до сегодняшних дней выпускниками юридического факультета были известные люди нашей страны.

Атап айтсақ:

1. Қайрат Әбдіразақұлы Мәми – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2. Игорь Иванович Рогов ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы;

3. Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков заң ғылымының докторы, профессор, сот құқықтық саласының ардагері

Бүгін ортамызда отырған құрметті қонақтар:

1. Арыстанғани Расылханұлы Заппаров – Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры

2. Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев – Алматы қаласының прокуроры

3. Жанар Төлегенқызы Ашляева  – Алматы қалалық прокуратурасы кадрлар басқармасының бастығы.

 

Құрметті ата-аналар, түлектер!

 

Қазіргі сәтте факультетте 30-дан астам ғылым докторы, 20-дан астам Қазақстанның ұлттық заң академиясының академиктері қызмет атқарады.

Сондай-ақ 100-ден астам ғылым кандидаты мен PhD докторлар еңбек етуде.

20-дан астам білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

 Дана халқымыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп текке айтпаған.

Сіздер қара шаңырақ қабырғасында білім алумен қатар,

өздеріңізді қоғамдық бастамалардың ұйымдастырушысы ретінде қалыптастыра алдыңыздар.  

Биыл әр жылғы түлектеріміз өздері білім алған қара шаңырақта бас қосып, 27 мамыр – Түлектер күніне жиналды.

Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы әрдайым сіздерді де күтеді.

Жас маман ретінде зор жетістікке жетіп, жемісті еңбек ететіндеріңізге сенім артамын.

Көшбасшы университетіміздің төл үлгісіндегі дипломдарыңыз құтты болсын!

Баршаңызға ақ жол тілейміз!