ҚазҰУ Президент жолдауын 19 нүктеде тыңдады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.
Университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер жолдауды кампустың 19 нүктесінде бір мезгілде тыңдап, Мемлекет басшысы айтқан алдағы кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары мен міндеттерін бірауыздан қолдады.
Университет ұжымы алда әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығына ден қойды. Жолдауда Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған негізгі міндеттер толығымен қамтылды.
Президент жолдауында экономикаға басымдық беріліп, университеттік ғылымды заман талабына сай дамыту қажеттігі атап өтілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолдауда үш жыл көлемінде жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы кеңінен айтты. Президент алдымен еліміздің даму мақсаттарын атап өтіп, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда экология, білім, энергетика салаларына кеңінен тоқталып, елімізде су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын айтты.
ҚазҰУ ұжымы Президент жолдауында айтылған өзекті мәселелерді іске асыруда жүйелі жұмыстар атқара бермек.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі