ҚазҰУ ғалымдары Scopus деректер базасына кіретін халықаралық рейтингтік басылымдардағы мақалалары үшін сыйақы алды

29 тамыз, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж. Түймебаевтың қолдауымен университет ғалымдары халықаралық Scopus деректер базасында рейтингтік басылымдарында жарияланған мақалалары үшін ақшалай сыйақымен марапатталды.

Қаржылай сыйақы Scopus дерекқорына кіретін журналдарда жарияланған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аффилиациясы көрсетілген рейтингтік мақалалардың авторларына беріледі. ҚазҰУ авторларын материалдық ынталандыру білім алушылар мен оқытушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тартудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады.

2022 жылғы Scopus деректер базасына кіретін халықаралық рейтингтік басылымдарда жоғары жарияланым белсенділігін көрсеткен университет қызметкерлері мен ПОҚ-ға 537 мақалаға 129,1 млн теңге сомасында біржолғы ақшалай сыйақы берілді. Университетте мақала авторларына ақшалай сыйақы мөлшері Scopus дерекқорында индекстелген рейтингтік журналдардың CiteScore бойынша SJR, квартиль және процентиль көрсеткіштері бойынша тағайындалады.