ҚазҰУ «Замандас сыры» байқауын жариялады

5 қыркүйек, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың  туғанына 100 жыл толуына орай, «Замандас сыры»  республикалық студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар арасында шығармашылық байқау жариялайды.

Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған байқау ережесіне сәйкес, студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар, жас ғалымдар құқықтық, этика тақырыптарындағы журналистік зерттеулер, детектив жанрына арналған ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарын жолдай алады. Байқау жұмыстары 2023 жылдың  29 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Байқау материалдары zamandas.syry@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады. Іріктеуден өткен шығармашылық жұмыстар ашық түрде «Замандас сыры» байқауы» Telegram каналында (https://t.me/zamandassyry) жарияланады. Желі қолданушылары жарияланған материалдармен танысып, өз пікірін қалдыра алады.

Байқау комиссиясының құрамында белгілі журналистер, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері бар. Жеңімпаздарға арнайы жүлделер тағайындалған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі