“ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КАФЕДРА ПРОФЕССОРЫНЫҢ ДӘРІСІ ӨТТІ

4 қыркүйек, 2023

01.09.2023 ж. күні кафедрамыздың профессоры, география ғылымдарының докторы Көшім Әсима Ғалымжанқызы факультетіміздің 1-курс студенттеріне “Қазақстан Республикасындағы шөлейттену процестері: факторлары, салдары және мәселені шешу жолдары” тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Бұл дәріс “Тұрақты даму мақсаты” (ЦУР) жобасы аясында өткен болатын. Дәріс барысында студенттер еліміздегі шөлейттену аймақтары туралы толық әрі терең мағлұматтар алып, өзекті мәселелермен таныс болды.