ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 қыркүйек, 2023

01.09.2023 ж. “Білім күніне” орай География және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы бас қосып, факультет ұжымына арналған жиналысқа қатысты. Жиын барысында факультеттің декан лауазымына ресми түрде тағайындалған, г.ғ.к., доцент Актымбаева Алия Сағындыққызы оқытушы-профессорлар құрамын жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңадан жұмыс бастап жатқан кафедра меңгерушілеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы бойынша басымдыққа ие салалар талқыланды. Биылғы жолдаудың бірнеше бағыттары факультеттің жобаларымен тұспа-тұс келіп тұрғандықтан, факультет ұжымына қойылатын талаптар да күшейтілмек.

Факультет ұжымы мен студенттеріне жаңа оқу жылы табысты, өнімді болсын!