Студенттік қалашық әкімшілігінің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттерімен жиналыс өтті

7 қыркүйек, 2023

04.09 - 07.09.2023ж күндері аралығында Студенттік қалашық әкімшілігінің ұйымдастыруымен Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика, геогрфия және табиғат пайдалану, философия, химия және химтехнология, физика-технология, экономика, тарих, медицина факультеттерінің бірінші курс студенттерімен жиналыс өтті.  

Жиналысқа факультет деканат басшылары, Әлеуметтік даму және жастармен жұмыс департаменті директорының орынбасары Е.О.Айтуаров, Бостандық аудандық полиция аға инспекторы, полиция майоры В.Б.Сисенова, А.Е Сейитнуров және студенттік қалашық директоры орынбасары Е.Т.Қалшаев және студенттік қалашық әкімшілігі қызметкерлері қатысты. Бұл жиында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері бағынатын Ар-намыс кодексі, студенттер үйінде тұру ережелерімен таныстырылды. Студенттердің көкейкесті мәселелері талқыланды.