Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Scopus дерекқор базасына енген журналдарда жарияланған мақалалары үшін сыйақы алды.
129,1 млн теңге сыйақы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен берілді.
Scopus – ғылыми басылымдар мақалаларының дәйексөздік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әлемдегі ең ірі рефераттық дерекқор. Бұл базаны рейтингтік агенттіктер университеттердің әлемдік рейтингтерін құру үшін пайдаланады. ҚазҰУ авторларын материалдық ынталандыру, білім алушылар мен оқытушыларды қолдау тұрақты жүзеге асып келеді.
Бүгінде ҚазҰУ-да Тұрақты дамудың барлық 17 бағыты (ТДМ) бойынша көптеген іс-шаралар атқарылуда. Еліміздің жетекші университетінің көптеген ғылыми-білім беру жобалары ТДМ аясында жүзеге асырылып, білім беру сапасын жақсарту, бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар, тұрақты даму үшін серіктестік мәселелері жан-жақты қамтылуда.
2022 жылы жарық көрген университет қызметкерлері мен ОПҚ-ның 537 мақаласына сыйақы рейтингтік журналдардың CiteScore бойынша SJR, квартиль және процентиль көрсеткіштері негізінде тағайындалады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі