ҚазҰУ студенттері Катардағы пікірталасқа қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің студенттері Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен халықаралық олимпиадаға қатысты. Осылайша күзгі академиялық оқу жылының басы студенттердің өміріндегі маңызды оқиғамен басталды.
Биылғы олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің дайындығы да тамаша нәтиже көрсетті.
Олимпиадаға қатысушылар 6-7 мамыр аралығында өткен онлайн-турдың нәтижелері бойынша анықталды. Оған 40 команда қатысты, 11 команда араб тілінде сөйлемейтін елдер қатарынан. Шығыстану факультетінің 3-курс студенттері: Әсем Ерланқызы, Назерке Наурызғалиева, Айсәуле Тағыбай, Гүлфайруз Сәуірбай пікірсайыс чемпионатының онлайн платформасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен шешендік өнерде бақ сынасты. Нәтижесінде Қазақстан атынан қатысқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы араб тілінде сөйлемейтін елдер арасында 3-орынды иеленді.
Аталған сайысқа қатысу жастардың пікір алмасуы мен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Олардың ой-өрісін кеңейтуге, қарсыластарының пікірін құрметтеуге, сыни тұрғыдан ойлау мен интеллектуалдық қабілеттері шыңдалды. Араб тілінде өткізілетін пікірталас шетел тілінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және оқытылатын шет тіліне ынтасын арттыруға ықпал етеді. Қатысушыларға Qatar Foundation қарамағындағы Qatar Debate ұйымы қаржылық қолдау көрсетті.
Фатима МАМЕДОВА,
ТШжОА кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к.