Тіл-мәдени мұрамыздың үзілмес өзегі

5 қыркүйек, 2023

ТДМ4. Сапалы білім беру          

 05 қыркүйек – Тілдер мерекесі, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше көңіл бөледі."Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті",- деп атап өтті.  
           Атаулы мерекеге орай, 08.09.2023 жылы Тарих факультеті  «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының ұйымдастыруымен еліміздің қасиетті әрі қастерлі мерекесі Қазақстан халқы тілдері күніне орай «6B03204- Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығының 1-курс студенттерімен "Тіл-мәдени мұрамыздың үзілмес өзегі" атты ашық кураторлық сабақ өткізілді.
           Шара барысында студенттер, А.Байтурсыновтың өмірі мен қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор тіл жанашыры туралы баяндамалар талқыланып, ақын-жазушылардың шығармалары мен өлеңдерін оқи отырып ұлттық тілдің  қасиеті туралы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.