ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

10 қыркүйек, 2023
  • Жансейіт Түймебаев мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, қаламгер Мұрат Әуездің 80 жылдық мерейтойына арналған «Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, мерейтой иесін құттықтады. 
  • Ректор ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесіп, ынтымақтастықты одан әрі арттыру, ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
  • Оқу ордасының басшысы Қытай университеттерінің басшыларымен өткен жиынға қатысып, өзара тиімді ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойды.
  • ҚазҰУ ректоры ҚХР Шэньси провинциясы Коммунистік партиясы жанындағы білім және өнеркәсіп комитетінің хатшысы Лю Цзянли бастаған делегациямен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. 
  • Жансейіт Түймебаев Солтүстік-батыс политехникалық университетінің вице-президенті Чжен Цзянью бастаған делегациямен кездесу өткізіп, филиал ашу жөніндегі мәселелерді талқылады.
  • Ректор Алматы қаласы күніне орай ұйымдастырылған Көктөбе-Опера классикалық өнер фестиваліне қатысты.
  • Университет басшысы 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күнімен және 10 қыркүйек - Халықаралық отбасы күнімен құттықтады.