Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде 2015 жылдың 05 наурызында Шығыс мәдениеті фестивалі өтті.
Фестивальдің ең басты мақсаттарының бірі – қоғам мүшелерін таңғажайып Шығыс мәдениетімен таныстыру және қоғамның ұлтаралық һәм мәдениетаралық қарым-қатынас процесіне белсенді араласуына сеп болу.
Шығыс мәдениеті фестивалі барысында шығыс халықтарының бай рухани және материалдық мәдениетін көрсететін әндер мен билер, ұлттық киімдер және ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында шығыс халықтарының шай ішу дәстүрі көрсетілді, сонымен бірге, қытай, корей, жапон, үнді, түрік, араб, иран халықтарының дәстүрлі тағамдары ұсынылып, сол тағамдардың дайындалуы һақында құнды ақпарат берілді.
Фестиваль қытайтану кафедрасының доценты Даулет Фатиманың бастамасымен ұйымдастырылды.