Farabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты рәсімі өтеді

14 қыркүйек

2023 жылдың 14 қыркүйек күні сағат 18:30-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты рәсімі өтеді. 

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, қазақстандық эстрада жұлдыздары, университет оқытушылары мен студенттері қатысады.

Мекен-жайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Әл-Фараби даңғылы 71, Әл-Фараби алаңы (ректорат алдында)

Басқа хабарландырулар

26 маусым

Конституциялық құндылықтарды дамытуға арналған халықаралық конференция өтеді

F.С.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетімен бірлесіп «Құқықтық үрдістер, заманауи сын-қатерлер және жаһандық қоғамдық трансформациялар аясында конституциялық құндылықтарды дамытудың жаңа көкжиегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Алқалы жиын көрнекті ғалым, ғылым мен білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик F.С.Сапарғалиевтің 95 жылдық мерейтойына арналады.

26 сәуір

ҚазҰУ студенттерді «Cyber defense challenge» байқауына шақырады

Құрметті студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті «Cyber defense challenge» жарысына қатысуға шақырады!

8 сәуір

Академиялық ұтқырлық аясында күзгі семестрде оқу конкурсы

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» 2025-2026  оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде оқуға конкурс жариялайды.