ҚазҰУ профессоры Герман Ким KBS сыйлығымен марапатталды
2015 жылдың 5 наурызы, Сеул қаласындағы KBS телерадиокомпаниясының бас кеңсесінде шет елдерде тұратын көрнекті бес корейлік азаматты KBS сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті. Олардың ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық корейтану орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Герман Ким де болды.
Аталған сыйлыққа үміткерлердің тізімі ҚР-дағы шет мемлекеттердің елшілері мен дипломатиялық өкілдері, сондай-ақ, оңтүстік кореялық және шетелдік жоғарғы оқу орындарының, ғылыми зерттеу институттары мен мемлекеттік мекемелер басшыларының тарапынан ұсынылып, өткен жылдың 8 тамызына дейін іріктелген.
Шет елдерде тұратын корейлік азаматтарды KBS сыйлығымен марапаттау рәсімі биыл 18-ші рет өткізіліп отыр. 1992 жылдан бері екі жылда бір рет берілетін бұл сыйлық шет елдерде тұратын корейлік азаматтарға өз ұлтының мәртебесін көтеріп, адамзат баласының өмірі мен мәдениетін дамытуға қосқан ерен үлесі үшін тағайындалады. KBS сыйлығы гуманитарлық ғылым, ғылым және технология, мәдениет және өнер, волонтерлік қызмет және арнайы сыйлық категорияларын қамтиды.
Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
(KBS World Radio материалдары бойынша дайындалған)