ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

17 қыркүйек, 2023
  • Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері заң университеттері қауымдастығының форумына қатысты. 
  • Форум аясында оқу ордасының басшысы Шанхай саяси-заң университетінің ректоры Лю Сяохунмен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
  • Жансейіт Қансейітұлы 1-курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кешіне қатысып, білім алушы жастарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
  • ҚазҰУ ректоры Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры Муса Казим Арыджанмен кездесті. Жүздесуде тараптар екі университет арасында әріптестік байланыс пен өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды. 
  • Жансейіт Түймебаев оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерді Алматы қаласы күнімен құттықтады.