18 қыркүйек, 2023

18.09.2023 сағат 11 - де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне KT&G Global Kazakhstan Бас директоры Хан Ин Ен және BLJ заң фирмасының басқарушы серіктесі Ли Чже Вук бастаған делегация келді. Заң факультетінің деканы з.ғ. д., профессор Д.Л. Байдельдиновпен кездесу барысында заң саласындағы ынтымақтастық мәселелері, мысалы, білім алушылардың өндірістік практикадан өтуі, арнаулы стипендия тағайындау, одан әрі жұмысқа орналасу және т. б. мәселелер талқыланды.