«Студенттер қатарына қабылдау» рәсіміндегі құттықтау сөзі

19 қыркүйек, 2023

Құрметті қонақтар!

Құрметті білім алушы жастар, ана-аналар,

құрметті әріптестер!

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

       Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

       Оқуға жаңа қабылданған жастарымызды «Студенттер қатарына қабылдау» рәсімін ашық деп жариялаймын.

   Бүгінгі салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлерін, көрнекті ғалымдарды, зиялы қауым өкілдерін, кәсіпкер-меценаттарды, танымал түлектерімізді арнайы шақырдық.

       Осындағы қонақтардың барлығы да біздің бірінші курсқа қабылданған студент жастарымызды құттықтап келіп отыр.

       Таныстырып өтейін...

       Қайрат Әбдіразақұлы Мәми – ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының төрағасы.

       Так же сегодня присутствуют наши почетные зарубежные гости:

       Советник/консул посольства Туркменистана в РК  Иламанов Гадам Джуманепесович.

       Атташе консульского отдела посольства Туркменистана в РК Ямшыков Мурат.

       Атташе по образованию Генерального консульства Турецкой Республики Мехмет Кираз.

       Генеральный консул Республики Узбекистан в Алматы  Фатхуллаев Аброр Джахангирович.

       Генеральный консул Исламской Республики Иран в Алматы  Мохсен Фагани.

       Консул Китайской Народной Республики в Алматы Жанг Вей.

       Я рад приветствовать вас в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби.

 

Құрметті қауым!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың биылғы отырысында сөйлеген сөзінде:

       «Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген.

       «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.

       Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек.

       Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады», – деп айрықша атап өтті.

       Биыл ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруға ұмтылған

7436 талапкер бірінші курсқа түсіп, ҚазҰУ студенті атанды.

       Оның 4 мыңнан астамы мемлекеттік грант иелері.

       Бірінші курс студенттерінің арасында 637 «Алтын белгі» иегерлері мен 267 үздік оқушы бар.

       Магистратураға – 1340, докторантураға – 278,

       жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне 1098 адам қабылданды.

       Біз жаңа оқу жылына жалпы саны 10 152 адам қабылдап отырмыз.

       Бұл университет тарихындағы үлкен оқиға.

       Қазіргі таңда ҚазҰУ-да 25 мыңға жуық студент бар, оның 2,5 мыңға жуығы әлемнің 50 елінен келген шетелдік студенттер.

       Биыл 36 жаңа білім бағдарламасы енгізілді.

Атап айтсақ: «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Денсаулық сақтау», «Жаратылыстану, математика және статистика», «Машина жасау, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар».

ҚазҰУ-да 40 жасқа дейінгі 300-ден астам жас ғалым жұмыс істейді.

Олардың ішінде 49-ы «Жас ғалым» жобасының жеңімпаздары.

Биыл ҒЖБМ Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсында 75 ғалым жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ Scopus дерекқор базасына енген журналдарда жарияланған мақалалары үшін университет қорынан ғалымдарға 129,1 млн сыйақы берілді.

Оқытушылардың 37 пайызы ағылшын тілінде сабақ жүргізеді, ал 3 мыңға жуық студент ағылшын топтарында оқиды.

Биыл жазда Ақтау универсиадасында ҚазҰУ спортшылары 39 алтын, 27 күміс, 22 қола медальға қол жеткізіп, көш бастады.

Қытайдың Чэнду қаласында өткен жазғы универсиада жарысында да жас спортшыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Келесі жылы университетіміздің құрылғанына 90 жыл толады.

Өткен жылы Үкімет қаулысымен ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді. 

Мемлекет басшысының қолдауымен университет Ыстамбұл және Бішкек қалаларында өз филиалдарын ашты.

ҚазҰУ-да өткен жылдан бері МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді.

Қазір Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жұмыстары жүріп жатыр.

Өздеріңіз көріп отырғандай, студенттердің игілігі үшін барлық жағдай жасалған.

Қалашық аумағында жаңадан заманауи дәмханалар, ғаламтор-кафелер, дүкендер, кофеханалар мен көшірме орталықтары жұмыс істейді.

Керемет орталығынан «Магнум» дүкені ашылды.

Биыл Студенттер сарайы мен ҚазҰУ стадионы толық күрделі жөндеуден өтеді.

ҚазҰУ құрылысы екінші кезеңінің капсуласы салынды.

Биыл 4 мың орындық жатақхананың құрылысы басталады.

 

Құрметті университет қонақтары!

Құрметті жастар!

       Дана халқымызда «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген ұлы қағида бар.

       Білімнің шамшырағын жағатын – ұстаз.

       Ал шәкірт сол отты сөндірмей ұстаса – үміттің ақталғаны.

Ендеше «Білім шырағын» жағуға рұқсат етіңіздер!

– Бір, екі, үш...

 

  Баршаңызды құттықтаймын!

  Білім шырағы сөнбесін!