"Студенттер қатарына қабылдау" мерекесі

14 қыркүйек, 2023

14 қыркүйекте ректорат алдындағы алаңда жаңа оқу жылының басталуындағы ең үлкен және көптен күткен «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шара өтті. Бұл кештің атмосферасын сөзбен жеткізу мүмкін болмады: кешке мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, жазушылар, журналистер, блогерлер, эстрада жұлдыздары шақырылды, сондай-ақ оған шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің басшылары, профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты және осы кештің құрметті қонағы 10 000-нан астам бірінші курс студенттері болды. Сөз соңында Ректор Жансейіт Түймебаев салтанатты жағдайда «Білім шырағын» жақты. Мерекеге қатысқандардың барлығы «Даму» этно-джаз аспаптық тобының сүйемелдеуімен ҚР Әнұранын жанды дауыста орындады. Сахна белгілі жас әнші Malika Yes, «Ақбұлақ» фольклорлық ансамблі, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Ғаламат Бейсекожаев, белгілі орындаушы Сейфуллин Жолбарыс, Мұқасан Шахзадаева, Royals Live Band сияқты қазақстандық жұлдыздарының нөмірлерімен де, студенттер дайындаған билерімен де ерекше қойылымдарға толы болды. Ең жарқын нөмірлер АРТ-орталық (еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, хореограф Галина Есмұханбетованың жетекшілігімен «Фараб» шоу балеті, «Фараби сазы» студенттік ұлттық аспаптар оркестірі Зита Сванбаеваның жетекшілігімен, жас вокалистер әнші және актриса Фариза Ещанованың жетекшілігімен), спорт клубы, әскери дайындық студенттерінің қатысуымен жастардың жаппай өнер көрсетуі болды. Қорытынды патриоттық ән "Бәріміз бірге ел үшін" әсерлі жарқын отшашумен сүйемелденді. Дәстүр бойынша, студенттік мереке дискотекамен жалғасты. Жастарға арналған бұл мереке, оған тікелей қатысқан барлық қызметкерлердің күш-жігері мен орасан зор еңбегінің арқасында сәтті өтті.