- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы ҚХР-дағы Жібек жолының экономикалық белдеуіндегі экология мен қоршаған ортаның тұрақты дамуы жөніндегі Халықаралық форумға қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы ҚХР-дағы Жібек жолының экономикалық белдеуіндегі экология мен қоршаған ортаның тұрақты дамуы жөніндегі Халықаралық форумға қатысты
2023 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі - Проректор Ж.Н. Айтжанова және география және табиғатты пайдалану факультетінің ғалымдары, PhD, доцент м.а. Д.К. Шоқпарова, PhD, доцент м.а. С.Б. Бисенбаева ҚХР, Үрімші қаласында өтіп жатқан Жібек жолының экономикалық белдеуіндегі экология мен қоршаған ортаның тұрақты дамуы жөніндегі Халықаралық форумға қатысуда. Бұл іс-шараға 21 елден 300-ден астам қатысушы жиналды. Іс-шара барысында экожүйені, биоәртүрлілікті сақтау, қатысушы елдерде экокультураны дамыту, Биоәртүрлілікті, экожүйені зерттеуге және сақтауға бағытталған платформалық зертханалар құру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жұмыс биоалуантүрлілік, су ресурстары, жердің деградациясы, жасыл технологиялар, теориялар мен тәжірибелер сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтитын 6 секция бойынша жүргізілді.
Форумның нәтижелері қатысушы елдер арасындағы декларацияға (келісімге) қол қою және жасыл технологиялар мен жасыл экономиканы дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу болады.
Сонымен қатар, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі - Проректор Ж.Н. Айтжанова Шыңжаң медициналық университетінде болып, осы ұйымның Президентімен кездесті. Кездесу барысында түрлі деңгейдегі мамандарды даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу және көптеген мәселелер аясында бірлескен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.