ҚазҰУ дайындайтын, мамандық әлеміне баулу
Іс-шара бағдарламасында балалардың белгілі бір кәсіпке немеесе мамандыққа бағдарын анықтауға, оны көрсететін ойын технологиялары қолданылды. Сонымен бірге университет дайындайтын мамандықтарға қысқаша мәлеметтер беріліп, ішінде жалпы және этникалық кафедрасының мамандықтарына байланысты ақпараттар берілді. Философия және саясаттану факультетінің 2 курс студенттері өздерінің мамандықтары жайында ақпарат берумен қатар, студенттік өмірдің қызықтарымен бөлісті.
Қазіргі тез қарқынмен дамып отырған заман талабына байланысты болашаққа мақсат, бағдар қойуюдың қиындығын түсіне білген балалармен мамандық таңдаудағы актаулді мәселелер талқыланды. Балаларға жарнамалық және әлеуметтік видео роликтер көрсетілді. Осы іс-шарамыздың арқасында балалардың болашақта нақты және оңтайлы өмірлік бағдарын таңдауға септігімізді тигіздік деп сенеміз.
Жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының оқытушылары
С.М. Пузикова, А.В. Вишневская