ҚазҰУ ғалымдары Үрімжіде өткен экология мен қоршаған ортаны тұрақты дамыту жөніндегі халықаралық форумға қатысты

19 қыркүйек, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Үрімші қаласында өткен Жібек жолының экономикалық белдеуіндегі экология мен қоршаған ортаның тұрақты дамуы жөніндегі халықаралық форумға қатысты.

2023 жылдың 17-19 қазан аралығында Қытайдың Үрімші қаласында Жібек жолының экономикалық белдеуіндегі экология мен қоршаған ортаны тұрақты дамыту жөніндегі халықаралық форум өтті. Бұл шараға 21 елден 300-ден астам қатысушы қатысты. Форумға қатысу үшін ҚХР-дан 18-ден астам сарапшылар, ғалымдар және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, соның ішінде Ғылым академиясының өкілдері шақырылды. Іс-шара барысында қатысушы елдерде экомәдениетті дамыту, экожүйе мен биоәртүрлілікті зерттеу мен сақтауға бағытталған платформалық зертханаларды құру және жасыл экономиканы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Форум барысында маңызды болып табылатын негізгі 6 бағыт бойынша секция ұйымдастырылып, жеке отырыстар бойынша жұмыс жүргізілді.

Форумға қатысушылар өз баяндамаларында өңірлердің тұрақты дамуына қол жеткізу, білікті мамандарды даярлау, биоалуантүрлілікті сақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын ерекше көңіл бөлді. Барлық тақырыптар тұрақты дамудың 17 мақсатының (ТДМ) негізгі бағыттарын қамтыды, ал оларды өз кезегінде бес негізгі топқа топтастыруға болады: адам – жаһан – өркендеу – бейбітшілік – серіктестік.

Форумды Шыңжаң экология және география институты бастамасымен бірге Қытай Ғылым академиясының автономиялық ауданның ғылым және техника қауымдастығы, автономиялық ауданның ғылым және техника басқармасы және басқа да 15 отандық бөлімшелерімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Ол Қытай мен Жібек жолы экономикалық белдеуі бойындағы елдердің қоршаған орта жағдайы, ресурстар және қоршаған орта салаларындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықта «Бір белдеу, Бір жол» бастамасының ұсынысынан кейінгі соңғы он жыл ішінде қол жеткізген жемісті жетістіктерін қорытындылау және жаңа болашақ үздіксіз дамуға серпін мүмкіншіліктерін қарастырды.

Форум ашылуы барысында сегіз академик пен сарапшы, оның ішінде Қытай Ғылым академиясының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері биоалуантүрлілікті сақтау, тұрақты ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын, сондай-ақ оларды қалпына келтіру және басқару, олардың жай-күйі мен тұрақты пайдалану саласындағы соңғы жетістіктерімен бөлісті.

Форум аясында өткен жеке секция отырыстарында әртүрлі саладағы белгілі сарапшылар «Құрғақ алқаптардағы биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану», «Жасыл ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі», «Су ресурстарының жағдайы және оларды тұрақты пайдалану» сияқты тақырыптарда баяндама жасады. «Қытай мен Орталық Азиядағы жердің деградацияға ұшырауы және шөлейттенумен күресу», «Экологиялық мониторингісінің технологиялары және оларды қолдану», «Құрғақ алқаптардағы жайылымдық алқаптардың тұрақты дамуы» тақырыптарында секция отырыстары ұйымдастырылып, әрбір секция соңында қатысушылар арасында қызу пікірталас жүргізілді.

Форум барысында сонымен қатар Жібек жолы экономикалық белдеуіндегі Қытайдың маңызды рөлі мен ықпалын көрсететін «Бір белдеу, Бір жол» экологиялық орта саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық жетістіктерінің көрмесі өтті. «Қытай мен Орталық Азиядағы ұлттық ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері үшін диалог механизмін» құру және іске қосу және «Әдемі Жібек жолын құру үшін бірігу және даму» туралы декларацияны бірлесіп шығару мақсат етіп қойылды.

Форумға Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы, ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Бұл форумға ҚазҰУ атынан бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру және зертханалар ашу мәселелері бойынша Басқарма мүшесі – Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор Ж.Н. Айтжанова қатысты.

Форум қорытындысы ретінде әрбір ұйым басшылары 9 міндетті бағыттарды қамтитын декларацияға қол қойды, онда қоршаған ортаны қорғау, биоәртүрлілікті сақтау, бағалау, мониторинг жүргізу, су және жер ресурстарын басқару тетіктерін дамыту, жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша бірлескен жұмыс жүрізу, және қол қойған ұйымдарда жыл сайын кезекпен осы форумды өткізу сияқты мәселелер қамтылды.

Форум барысында университет өкілдері Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институты өкілдерімен кездесіп, кездесу барысында мамандарды бірлесіп даярлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру аясында одан әрі ынтымақтастық орнату бағытында жұмыс жүргізуге келісті.

Форум аясында Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ж.Н. Айтжанова Қытай ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының өкілдерімен, яғни институт директорының орынбасары, профессор Абдувайлили Джилили және профессор Ли Яоминмен кездесті. Кездесу барысында бірлескен ғылыми жобаларды ұсыну, ҚазҰУ-де бірлескен зертхана ашу мәселелері талқыланды.