ISCTE – University Institute of Lisbon университетінде оқуға өтінім қабылдау басталды

20 қыркүйек, 2023

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттары!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті ISCTE – University Institute of Lisbon университетімен (Лиссабон, Португалия) Erasmus+ Халықаралық кредиттік ұтқырлық бойынша 2023-2024 академиялық жылдың көктемгі семестрінде оқу үшін тапсырыс беруге конкурс жариялануы туралы хабарлайды!

     ISCTE келесі бағыттар бойынша білім беруді ұсынады:

  • Автоматтандыру және басқару
  • Робототехникалық жүйелер

     Өтінім берудің соңғы мерзімі: 01.10.2023 ж.

          Қосымша мәлімет алу үшін:

          Ақпараттық технологиялар факультеті Жасанды интеллект және Big data кафедрасының меңгерушісі Мәдина Мансұрова

          Madina.Mansurova@kaznu.edu.kz

          mansurova.madina@gmail.com

Ішкі нөмірі: 19-94