Қазақстан халқының тілдері күні
5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күні атап өтіледі. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары бұл күнге ерекше назар аударады. Әлемнің түрлі елдерінен келген тыңдаушылар қазақ және орыс тілдерін үйренуге шешім қабылдаған мемлекетпен байланысты барлық нәрсеге қызығушылық танытады. Шетелдік аудиторияда жұмыс істейтін тәлімгерлер өздерінің күнделікті қызметінде студенттердің назарын елімізде тұратын барлық халықтың тілдері мен мәдениеттерін дамыту үшін жағдай жасауға негізделген Қазақстанның достық сыртқы саясатына үнемі көңіл аударады. Оқыту бағдарламасы қазақ және орыс мәдениетімен танысуға негізделген.
Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған іс-шараны топ кураторлары қыркүйек айы бойы өткізеді. Олардың бірі 15 қыркүйек күні өтті. Қытай, Корея, Жапония, Филиппин, Түркия және басқа да мемлекеттерден келген студенттер 5 қыркүйек күні қазақ халқының ұлы данышпаны, ғалым, түркітанушы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне байланысты өткен іс-шараға қатысты. Шетел азаматтары ұлт ұстазының өмірбаянымен, оның қазақ тілінің дамуына, ағарту жүйесіне қосқан үлесімен, сондай-ақ оның идеяларының өзектілігію туралы танысты. Мұның бәрі шетелдік тыңдаушылардың оқуға келген елінің тарихымен жақынырақ танысуға көмектеседі. Ахмет Байтұрсыновтың мұражайына жасалатын саяхат Қазақстанда осы көрнекті тұлғаға қандай құрметпен қарайтынын айқын көрсетеді. "Тәуелсіздікті сақтау үшін біз бар күшімізбен және құралдарымызбен ағартушылық пен ортақ мәдениетке ұмтылуымыз керек", - деп жазды ұлы ағартушы. А. Байтұрсыновтың осы және басқа да ойлары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының қазақ және орыс тілдері пәнінің оқытушылары тек тіл оқытумен ғана шектелмей, басқа да құнды деректермен таныстыруда.