ҚазҰУ Фудан университетімен серіктестік орнатты

21 қыркүйек, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайдың Фудан университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Фудан университеті әлемдегі үздік жүз жоғары оқу орнының рейтингіне кіретін Қытайдың жетекші ғылыми орталықтарының бірі болып табылады.

Келісімнің негізгі мақсаты – серіктестікті дамыту, ғылыми бағытта бірлесіп зерттеулер жүргізу және білікті кадрларды даярлау.

Бұл меморандум оқытушылар мен студент алмасуға және қосдипломдық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға, ғылыми мақалалар дайындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тараптар бірлескен халықаралық конференциялар мен симпозиумдар өткізетін болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі