«ТІЛСҮЙЕР» сайысы

20 қыркүйек, 2023

ҚазҰУ-дың филология факультетінде 2023 жылы 20  қыркүйекте Тілдер мерекесі аясында «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен «Тілсүйер» атты зияткерлік сайыс өтті

Сайысқа 1курс студенттерінен құралған "Ана тілі" және "Білім диқаншылары" атты екі топ қатысты. Топтар құрамында " Қазақ филологиясы" мамандығы, 1курс студенттері Сүйгенбаева Наргиз, Данияр Марал, Ибжарова Айзат және 'Қолданбалы тіл білімі" мамандығының 1 курс студенттері Оңғарбаева Гүлжарқын, Ануарбек Саида, Қуаныш Томирис болды.  "Ана тілі" тобының басшысы Қуаныш Томирис , "Білім диқаншылары" Данияр Марал болды.

4 кезеңнен тұратын  "Тілсүйер" сайысында тұрақты сөз тіркестері, синонимдер, архаизмдер, сөз мағынасын ашу бойынша қызықты да мазмұнды тапсырмалар берілді.  Әсіресе синонимдес фразеологизмдер табу бойынша тапсырма ойыншылар үшін қызық та қиын болды.

Қазылар алқасы құрамында клуб жетекшісі, доцент Л.Мұсалы, филология магистрі Алма Кенжеқожаева, 3 курстың үздік студенттері Меңдеш Айнұр, Есентай Құралай болды.  Сайысты ұйымдастырған және жүргізген – «Көкжиектің » төрағасы және орынбасары, 3 курс  студенттері Нұркен Нәрікбай және Қарақат Жанарбек.

 1 курс студенттері зияткерлік сайысқа белсене атсалысып, ана тілді терең меңгергенін көрсетті. Тартысқа толы сайыс болды. Мұндай шаралардың болашақ филолог үшін танымдық –тәрбиелік мәні зор деп білеміз.