«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ 5» жобасы аясында Ақпараттық технологиялар факультетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасында студенттердің психолог Амангелді Мейрамбекұлымен "Әйелдің қоғамдағы рөлі" тақырыбында кездесу өтті.

23 қыркүйек, 2023

Кездесу барысында қазіргі қоғамның ең өзекті мәселесі қозғалып, студенттер мен психолог арасында қызу талқыға түсті. Әйелдің қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңызы жайлы сөз қозғалып, студенттер психологпен сұрақ-жауап алмасты. Үлкен қалаға арман қуып келген жас студенттер үшін осындай мәнді кездесулердің қаншалықты маңызды екендігіне тағы көзіміз жетті. Психологпен алдағы уақытта да түрлі кездесулер өткізу жоспарлануда.