ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

24 қыркүйек, 2023
  • Жансейіт Түймебаев Түркияда өткен қазақ халқының көрнекті жазушысы, еліміздегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған «Кемел Тоқаев – қоғам қайраткері, көрнекті жазушы, белгілі журналист» атты халықаралық конференциясына қатысып, сөз сөйледі. Шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түрік тіліне аударылған «Әке туралы ой-толғау» кітабы таныстырылып, тұсауы кесілді. 
  • ҚазҰУ басшысы Түркияға жұмыс сапары барысында Ыстамбұл университетінің ректоры Осман Бүлент Зүлфикармен кездесті. Тараптар серіктестікті дамыту және алдағы уақытта ортақ конференциялар мен симпозиумдар өткізу бойынша өзара пікір алмасты.
  • Жансейіт Қансейітұлы биология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚазҰУ оқытушысы Аметов Абибулла Аметұлының 80 жылдығына орай құттықтау хатын жолдады.