"Тұрақты даму мақсаттарының 5": Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту" аясында студенттер арасында Заттар интернеті және Big Data кафедрасында мүмкіндіктерге жол ашу, мотивация және қолдау беруге бағытталған іс-шара өтті.

21 қыркүйек, 2023

«Тұрақты даму мақсаттарының – 5»: Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту" аясында студенттер арасында мүмкіндіктерге жол ашу, мотивация және қолдау беруге бағытталған іс-шара өтті. Еліміздің атын 74 елдің ішінде бірінші орынға шығарып танытқан, мақтанышымыз, қайсар қызымыз Аида Бегайдарқызы 21.09 күні студенттерге Huawei ICT Competition 2022-2023 жарысының қалай болғанын, финалдың қалай өткенін айтып берді. Естеріңізге сала кетейік, Интеллектуалды басқару жүйесінің 4 курс студенті Бегайдарова Аида Бегайдарқызы өткен жылы Қытайда өткен Huawei ICT Competition 2022-2023 Global Final халықаралық жарысында жүлделі 1-ші орын алған болатын. Осы жолы ол өзінің тәжірибесін студенттермен бөлісіп, оларды жақында басталатын Huawei ICT Competition 2023-2024 жарысына қатысуға шақырды. Аида Багайдарқызы жарысқа қалай дайындалу керек, нені білу керектігін айтып, мотивация беріп, өте құнды ақпараттарымен бөлісті.

 

Жарыс туралы:

2015 жылдан бері Huawei компаниясы ICT Competition жарысын халықаралық деңгейде өткізіп, студенттердің жан-жақты дамуына өз үлесін қосуда. Жарыс 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге 2022-2023 жылы 74 елден 120 000 астам студент тест тапсырды. Екінші кезеңге өткендер топ бойынша жарысып, тек үздіктері ғана финалға жолдама алды. Аида Бегайдарқызы 15 ел бақ сынаған Оманда өткен екінші кезеңнің топтық жарысында жүлделі 3 орын алып, Қытайда өтетін финалға жолдама алды. Осылайша финалдық бәсекелестікте топ жарып, жүлделі 1 орынға ие болды.

 

Ақпарат қызық болса, алдағы уақытта конкурсқа тіркелу жайлы, жарыстың өтетін уақытымен бөлісетін боламыз.

🖋️ @zhaniyal

🎞️ @adon_12m