- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қоғам мен мемлекетті ақпараттандыру және цифрландыру жағдайында қылмысқа қарсы іс-қимыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Қоғам мен мемлекетті ақпараттандыру және цифрландыру жағдайында қылмысқа қарсы іс-қимыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
ӘЛ-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бірігіп Қазақстан Республикасының ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҚЖҒА академигі, з.ғ.д., профессор Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановтың 90 жылдық мерейтойына арнап «Қоғам мен мемлекетті ақпараттандыру және цифрландыру жағдайында қылмысқа қарсы іс-қимыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конферецияға шет ел мемлекеттерінің, еліміздің ЖОО орындарының заңгер-ғалымдары және Ғылыми мектебі қатысып баяндамалар жасады. Миколас Ромерис Университетінің құқықтық технологиялар орталығының ( Legal Tech) заң факультеті профессоры Доктор Мариус Лауринайтес (Литва Республикасы) «Экономиканы цифрландыру: алғышарттар, үрдістер, перспективалар»; (Ұлыбритания) Портсмут университетінің профессоры Лея Фокс «Цифрландыруды зерттеу -жахандық трендтер мониторингі және білім беру жолдары», Санкт-Петербург халықаралық криминологиялық клубының президенті, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғалым қайраткері, з.ғ.д., профессор Дмитрий Анатольевич Шестаков «Қауіпсіздік құқығы және сот төрелігін цифрландыру» және т.б. ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісті. ҚР Орталық сайлау комиссиясысының төрағасы, з.ғ.д., профессор Әбдіров Нурлан Мажитович «Цифрландыру және электронды дауыс беру: перспективалар мен тәуекелдер»; ҚР ІІМ цифрландыру және байланыс жөніндегі орынбасары Сарсенов Сәкен Сейітжаппарұлы «ІІО қызметінде цифрлық трансформацияны іске асырудың тиімділігін бағалау ерекшеліктері; Конституциялық сот судьясы, з.ғ.д., профессор «Конституциялық өндірісте цифрландыру отандық және шетелдік тәжірибе» атты баяндамалар жасады және т.б. Конференцияның мақсаты: Қазіргі цифрлық әлемдегі қылмысқа қарсы стратегияларды, әдістер мен шешімдерді талқылау және әзірлеу, технологиялар мен цифрлық құралдардың дамуына байланысты жаңа сын-қатерлер мен қауіптерді түсіну және талдау.