Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Қаржы саясаты» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

18 қыркүйек, 2023

18.09.2023 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Г.А. Куаналиева заң факультетінің 2-курс студенттерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы  аясында «Қаржы саясаты» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Ғылыми семинар ТДМ 10 бағытында сапалы білім аясында өткізілді.

«Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады.
Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді».

Күтіліп тұрған мемлекетіміздегі қаржы саясатындағы реформалар «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» арқылы оң шешім табатыны айғақ.