XCSS "CLIMATE CAN'T WAIT" ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

25 қыркүйек, 2023

25.09.2023 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында XCSS — CROSS COUNTRY SKIING SAND (Париж, Франция) компаниясының президенті Эстель Пейенмен кездесу өтті. Эстель Пейен үшін кампус туры өтті. Құрметті қонағымыз технологиялық инновациялар орталығына, инжиниринг және Ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жерді қашықтықтан зондтау орталығына және география және табиғатты пайдалану факультетіне барды.

ҚазҰУ ЖҚЗ орталығының директоры К.Б. Зулпыхаров және география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы Д. М. Калиева Эстель Пейенмен кездесіп, инжиниринг және ғылымды қажетсінетін технологиялар кластері мен ЖҚЗ орталығы бойынша экскурсия өткізді.

Кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің Мәжіліс залында (15 қабат, Ректорат) Эстель Пейеннің көшбасшылық дәрісі өтті. Тақырыбы:  "Қазақстанның мұрасын сақтау үшін спорт және ынтымақтастық құндылықтарын, қоғамдастықтың тұрақтылығы мен климатқа бейімделуінің негізгі элементтерін ілгерілету: XCSS "Climate can't wait" жобасының мысалында". Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ңдың Басқарма мүшесі-ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ж. Айтжанова өз алғысөзінде "Климат күте алмайды" жобасы БҰҰ - ның жаһандық бастамасының бөлігі ретінде ТДМ №3 – жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ №5 - гендерлік теңдік, ТДМ №6 - таза су және санитария, ТДМ №13 - климаттың өзгеруіне қарсы күрес, ТДМ№15 - құрлық экожүйелерін сақтау мақсаттарына жетуіне бағытталғанын және жоба 2023 жылғы маусымда су тапшылығы мәселелеріне арналған Астана халықаралық форумының (АХФ) панельдік сессиясында ұсынылғанын атап өтті.

География және табиғатты пайдалану факультетінде көшбасшылық дәріс аяқталғаннан кейін факультет деканы А.С. Ақтымбаевамен, факультет кафедраларының меңгерушілері А.А. Токбергенова, Р.В. Плохих, А.С. Нысанбаева, А.А. Асылбекова және Т.А. Базарбаевамен іскерлік кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық пен жобаны іске асырудың әлеуетті мүмкіндіктері талқыланды.